• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғанижан Асанұлы облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыттарында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.


Ғанижан Асанұлы биылғы Елбасы Жолдауының бесінші басымдығы – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты екендігін атап өтті.


Брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында Ашық келісім негізінде 126 мекемемемен іс-шаралар жоспары түзіліп, байланыс орнатылғандығын жеткізді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Есіктен есікке», «Парасыз болашаққа.Бірге!» бардарламалары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың жүзеге асырылу барысы да назардан тыс қалмады.


«Жолдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы аясында Департамент пен ішкі істер, мемлекеттік кірістер департаменттері мен Көліктік бақылау инспекциясымен жасалып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.


Брифинг барысында Әдеп жөніндегі кеңес жұмысы да талқыға салынды. Әдеп жөніндегі кеңес осыған дейін тек тәртіптік істерді қараумен шектелсе, қазіргі таңда Кеңестің бағыты өзгеріп, жұмысындағы басымдылық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына қатысты іс-шаралар әзірлеумен байланысты.


Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында профилактикалық мәселелерді қарау өткен жылдың осы кезеңімен 5 есеге артқан.


Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша еліміздің
3 өңірінде, атап айтқанда Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық жоба жүзеге асырылуда.


Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру.


Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітіліп, облыстағы әрбір аудан, қалалармен жұмыс жасайтын Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшелері айқындалды.  


Сонымен қатар, жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әр аптаның сейсенбі күні сағат 17.00-18.00 аралығында Департаменттің мәжіліс залында (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы,3) азаматтармен жеке қабылдаулар өткізуде. Жеке қабылдауға жазылу кемінде бір күн бұрын 8 (7252) 536-172 телефоны арқылы жүргізілетіндігін жеткізді.


Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке қабылдау кестесімен Департаменттінің memkyzmet.kz сайты арқылы танысуға болады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17