• Бүгін: 18.02.2018

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ ЖАС ҰРПАҚ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша  2017 жылға арналға кешенді жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен облыстық саз колледжі ағымдағы жылдың                         23 қараша күні «Адал жас ұрпақ» атты патриоттық әндер байқауын өткізді.


            Байқаудың басты мақсаты – музыкалық туындылар, танымал музыка арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құндылықтарын дәріптеу


.Іс-шараны Департамент өкілі Г.Мұсабекова ашып берді. Гүлжан Есенқызы байқау қатысушыларына департамент атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар, осындай дарынды, білімді жастар жемқорлықсыз Қазақстанды құратындығына кәміл сенетінін жеткізді.


Қазылар алқасының құрамында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы, джаз оркестрінің дирижері С.Аппазов,  колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Бекенова, колледждің вокал бөлімінің мұғалімі Е.Зауытбек болды.


Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы байқауға қатысушылардың дауыс ырғағына, орындаушылық шеберлігіне, әннің байқау шартына сәйкестігіне, орындаушылардың сахна мәдениетіне баса назар аударды.


Байқау қорытындысы бойынша І - орынды студент М.Молдакерім, ІІ-орынды А.Алдабергенова иеленсе, ІІІ-орынды С.Нурасыл иеленді.


Іс-шара соңында үздік танылған жеңімпаздар мен белсене қатысқан топтар бағалы сыйлықтармен, диплом және алғыс хаттармен марапатталып, естелікке суретке түсті.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17