• Бүгін: 17.12.2018 |$1 = ₸370.26

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БІРІҢҒАЙ САҒАТЫ ӨТТІ


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі бірлесе, республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырды.
​Аталған іс-шара 2017 жылы 29 қараша күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде өтті.
​ Іс-шараның негізі мақсаты – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау, іс-шара арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
​Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағатының жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Ғ.Жүндібаев, облыстық білім басқармасының заңгері Ә.Сапарбеков, облыстық политехникалық колледжінің басшылары, оқытушылар мен белсенді оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.
​Біріңғай сағат облысымыздың 12 жоғары оқу орындары мен 94 колледж, 1038 мектепте өтті.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.