• Бүгін: 23.05.2018

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА «БАС» ДРАМАСЫ ҚОЙЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің  бастамасымен Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында «Бас» драмасы қойылды. 


Қойылымды ашып берген Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов, драманың қойылу себебі мен көрермендерге берер әсеріне тоқталды. Драманың негізгі оқиғасы- халқының азаттығы үшін бас көтерген қазақтың әйгілі ақыны Махамбеттің бас сүйегінің тағдыры жайында өрбиді. Ұзақ жылдар бойы ақынның бас сүйегіне зерттеме жасаған антрополог, басқа елге көшуіне байланысты, "қажеті жоқ" деп санаған бас сүйекті бастыққа әкеліп, тапсыртқысы келеді. Сондықтан, ғалымның қолынан жас буын өкілі алып қалып, аманат етіп сақтайды. Рухани құндылықты аяққа таптап - "қалта құндылығын" алға түскен қоғам өкілі, ақынның басынан қарадай шошып, өзінен аластатып тастайды. Күндердің- күнінде, "ақынның бас сүйегін тапқан адамға көлемді сыйлық тағайындалған" естіген кезде есін жинап, бірінші боп қолға түсіруге жанын салады. "Құн" сөзін құнсыздандырып - "төлем ақыға" айналдырған бүгінгі қоғам басындағы "кейбір басшылар", кешегі ұлт үшін ары мен қанын садақа қылған аталарымыз қалдырған аманатқа адал ма!? Міне, осы төңіректе ой қозғаған қойылымының жас ұрпаққа берері мол болмақ. Драманың тағы бір ерекшелігі келушілерге кіру тегін ұсынылды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17