• Бүгін: 21.02.2018

ОҚО-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Халықаралық сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес күні аясында, 2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониямен бірлесе музыкалық туындылар, танымал музыка арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құндылықтарын дәріптейтін салтанатты іс-шара ұйымдастырды.


Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғ.Асанұлы өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған БАҚ арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттады.


Сонымен қатар, облыстық Ассамблея хатшылығымен түрлі этнос өкілдерінің «Мәңгілік елмен – жарқын болашаққа» театрландырылған қойылымы мен политехникалық колледж студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел және флешмоб өтті. Жалпы, жыл басынан бері облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 500-ден астам іс-шара өткізілып, 60 мыңнан астам адамды қамтыды.


Сондай-ақ, облыста memkyzmet.kz сайты мен азаматтарға арналған  8(7252) 51-51-51 сенім телефоны жұмыс жасайды. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен азаматтардың тікелей байланыс орнатуын мүмкіндік беретін пилоттық жоба жүзеге асырылуда.  


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17