• Бүгін: 21.02.2018

Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықты жою

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.


Cыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.


Сыбайлас жемқорлықпен күрес уақыт өткен сайын күшеюде. Бүгінгі таңда, аталған қоғамдық індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі айрықша күн тәртібіне шығып отыр. Себебі, жемқорлық фактілері қарапайым жағдай емес, ол елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін әлсірететін, қоғамды әділетсіздікке үшырататын аса қауіпті індет. Сондықтан, парақорлықпен күрестің жылдар бойы жалғасуы заңды қүбылыс.


Ел мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбай­лас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту болып табылады.


Қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де аталған құжаттың басты міндетіне жатқызылған. Әрине, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында оның алдын алу жұмыстарына көбірек мән бер­ген жөн. Ол үшін жемқорлық көріністерінің белең алуына түрткі болатын факторларды анықтап, мейлінше аурудың алдын алған абзал. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.


 


 "Жарқын өмір" қоғамдық бірлестігі 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17