• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

ИЧ 167/4 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) бас маманы Ж.Әлжанова және облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Р.Хобдабергенова бастаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ИЧ 167/4 әйелдер колониясының жеке құрамымен кездесті.


Іс - шараның мақсаты – Елбасының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауының бесінші басымдығын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын түсіндіру болып табылады.


Кездесу барысында департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибе туралы, сондай-ақ, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі бойынша қатысушыларды хабардар етті. Р.Хобдабергенова  Penal Reform International  (PRI) Орталық Азиядағы өкілдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы қатысушыларды хабардар етті.


Сонымен қатар, түзету мекемелерінде кездесетін сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерінің алдын алу мәселесі де назардан тыс қалмады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17