• Бүгін: 21.02.2018

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МАҚСАТ


Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де бұл мәселе айналып өткен жоқ.
Алайда, Мемлекет басшысы әр жылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесін назардан тыс қалдырған емес.
Елбасының биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бесінші басымдығы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейтуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жұмысының бағыты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруге бағытталған.
Соның мысалы ретінде, 2017 жылдың 17 қарашасында Департамент пен облыс әкімдігі арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы меморандумды атап өтуге болады.
Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты – мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бірлесе жүргізу, заң бұзушылықтарды анықтап, оны жою, алдын алу болып табылады.
Қазіргі таңда, аталған меморандум аясында облыста мемлекеттік қызметтерді көрсетуде көш бастап тұрған жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.
Сыртқы талдауды кешенді, әрі жан-жақты жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Аталған топтың құрамына мемлекеттік мекемелер қызметкерлерімен қатар, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, халыққа қызмет көрсету орталығы мен академиялық қауымдастық өкілдері енді.
Сонымен қатар, талдау барысында азаматтардың ұсыныстары мен пікірлері ескерілу мақсатында Департаментпен арнайы taldau2018@mail.ru электронды поштасы әзірленді.
Егерде, мемлекеттік мекемелер немесе қызметшілер тарапынан қандай да бір заңбұзушылықтарды байқасаңыз, мемлекеттік қызметке қатысты ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз болса Департаменттің 8(7252) 51-51-51 сенім телефоны немесе memkyzmet.kz поштасы арқылы байланыс орнатуға болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы
А.Қапалбаева


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17