• Бүгін: 14.08.2018

Тәртіптік жауапкершілікті қарау барысында назар аударатын мән-жайлар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 44 тармағында мемлекеттік әкімшілік қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамға оның теріс қылық жасағаны жөнінде мәлім болған күн тәртіптік теріс қылықтың анықталу күні болып саналады.
​Қағиданың 27 тармағында алып тасталмаған ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрiнде қолданылған жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады.
​Бұл ретте, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес негіздер бойынша қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол берілген жағдайларда, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза алынбаған тәртіптік жазаның болуына қарамастан қолданылады.
Қағиданың 29-тармағына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тәртіптік терiс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдану үшiн негiз болып табылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі- Заң) 45-бабының 1-тармағында тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
​Қағиданың 62 тармағында Комиссия отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, егер өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметші отырыс өткiзілгенге дейiн кемінде үш жұмыс күні бұрын Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және аталған материалдармен таныстырылса, оның қатысуынсыз өтуі мүмкiндігі көрсетілген.
​Заңның 45-бабының 3-тармағында жазаны мемлекеттiк қызметшiге қандай кезде қолдануға болмайтыны айқындалса, 4-тармағына сәйкес тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің өтуі осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайда тоқтатыла тұрады.
​Қағиданың 57-59 тармақтарына сәйкес Комиссия терiс қылық туралы материалдарды қарағанға дейiн персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметшiден жазбаша түсiнiктеме талап етеді.
​Өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлiп жатқан мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартуы қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын Комиссияның қарауына жiберуге және жаза қолдану туралы шешiм қабылдауға кедергi бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) жұмыскері не уәкiлеттi лауазымды адамдар жазбаша түсініктеме беруден бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
​Өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен өз қолын қойып танысудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) жұмыскерлерi не уәкiлеттi лауазымды адамдар тиісті акт жасайды.
​Егер, мемлекеттік қызметші еңбекке жарамсыздық парағында, іс-сапарда жүру немесе тағы басқа жағдайлармен мерзімдерінде оған тәртіптік жаза қолданудың алты айлық мерзімі өтіп кеткенімен, осы мерзім ішінде тәртіптік теріс қылық бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп, Комиссия тарапынан басшылыққа тәртіптік жазаның түрі ұсынылған кезде, мемлекеттік қызметшіде алынбаған елеусіз теріс қылығы үшін қолданылған тәртіптік жаза болғанда, мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылатынын ескеру қажет.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Кантаев
 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17