• Бүгін: 21.02.2018

ОБЛЫСТА ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Өңірімізде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмысын жандандыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
Пилоттық жобаның мақсаты - Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру, азаматтардың тікелей кеңес мүшелеріне шағымдануына мүмкіндіктер беру болып табылады.
Пилоттық жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің аудан, қалаларға шығу және азаматтарды қабылдау кестелері бекітіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің «memkyzmet.kz» сайтына орналастырылды.
Ағымдағы жылғы 12 қазанында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Ә.Досболов Сарыағаш ауданының, ал 20 қазанда А.Ахметов Созақ ауданының тұрғындарымен кездесу өткізсе, 13 қазанында Б.Тайжан жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша Төлеби ауданында рейдтік іс-шара жүргізді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан анықталған бірқатар заңбұзушылықтар Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, өз нәтижесін берді.
Сонымен қатар, қызметтік автокөліктердің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерге белгі (логотип) орнату жұмыстары жүргізілді.
Қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта қолдану өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, енді кез-келген облыс тұрғыны жұмыс уақытынан тыс уақытта қолданылған қызметтік көлікті байқаса 8 747 001 18 63 Whats App нөміріне хабарласып, қызметтік көлікті айғақтайтын фото немесе бейнежазбаны жолдауларына болады.
Мемлекеттік қызметшілер немесе мекемелер тарапынан орын алған кез келген құқықбұзушылықтар туралы шағымдарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің 8(7252) 51-51-51 сенім телефонына қалдыруға болады.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы А.Марасулов


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17