• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы басты назарда!

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен.
Яғни, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекетпен тығыз байланыста болады.
Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни, мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Осы бағатта, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің үдерісінде құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқарту, қайталанатын рәсімдерді жою, яғни мейлінше оңтайландырылуға тиісті шаралар қабылдау бойынша міндет қойылды.
Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылуы тиіс.
Себебі, қызмет берушілер тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасыз не заңнама талаптарына сай көрсетілмеуі - азаматтарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына баруға барынша итермелеуі әбден мүмкін.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі-Заң), мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау құзыретін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық Департаменттері жүзеге асырады.
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету салсындағы негізгі міндеті - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияларындағы, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүйелі түрде бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу, сондай-ақ ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету.
Яғни, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту, көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
Заңның 5 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес «көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге» міндетті.
Яғни, әр бір мемлекеттік көрсетілетін қызметтің Стандарттары мен Регламенттері бекітілген және де қызмет берушілер осы аталған нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес қызмет көрсетулері қажет.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментінің
Мемлекеттік қызмет көрсеті басқармасының
бас маманы Н.Сарғалдақов


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.