• Бүгін: 18.02.2018

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігі

Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында мемлекеттік қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді.
Қазіргі таңда елімізде халыққа көрсетілетін 746 қызметтің ішінен әлеуметтік маңызды қызметтерді барынша электронды түрде алуға барлық жағдай туып отыр.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді алу барынша автоматтандырылған, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе.
Еліміздің әрбір азаматы «Электронды үкімет» веб-порталына «пайдаланушы кабинетін» ашу арқылы тіркеле отырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық қызметті алу мүмкіндігіне ие болады.
«Пайдаланушы кабинеті» - бұл халықтың қызмет алу үшін өтініштерін электронды нысанда оны қарайтын субъектілерге жүгінуі, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара ресми ақпараттық іс-қимыл жасауға арналған құралы.
Бұл өз кезегінде, қазіргі заманның технологияның қарыштап дамыған, жаппай цифрландыруға бет бұру тұсында әрбір азаматқа өзіне берілген мүмкіндіктер аясын кеңейтуіне жол ашады.
«Электрондық цифрлық қолтаңба» (бұдан әрі-ЭЦҚ) дегеніміз - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Халыққа қызмет көрсету орталығынан куәландырыла отырып
ЭЦҚ-ны файлдық тасымалдағышта алған жағдайда, дербес компьютерге сақтауға болады. Сол арқылы, «Электронды үкімет» веб-порталына тіркеліп, жеке кабинетте мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалануға болады.
Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны телефонда сақтай отырып, электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алуға болады.
Егер де, ХҚКО-на баруды қажет ететін мемлекеттік қызметтерді алатын жағдайда, аталған мобильдік қосымша арқылы кезекке тұрып, кейін ХҚКО келіп, операторға кезек нөмірін көрсетуге болады.
Бұл - кезек күтпей, уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы.
Өз кезегінде, Департамент тарапынан электрондық қызметтерді алу жолдары мен мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында халықтың көп шоғырланатын ХҚКО, вокзал, аэропорт, автобекеттерде, автобустар, қала көшелеріндегі үлкен LED экрандарда бейнероликтер көрсетілуде.
Соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының электрондық түрде қызмет алуы күннен күнге ұлғаюда.
Бұдан бөлек, қызығушы тұрғындар өздеріне қажетті толық ақпараттарды Департаменттің memkyzmet.kz сайтынан ала алады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментінің
Мемлекеттік қызмет көрсеті басқармасының
бас маманы Д.А.Суртеков


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17