• Бүгін: 16.08.2018

Мемлекеттік қызметшілер Жолдаудағы өзгерісті өзінен бастайды

Қоғамның  дамуымен қатар,  егеменді еліміз өзінің қалыптасуы мен жаңаруы арқылы түрлі сәттерді бастан кешіруде.


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында даму динамикасы күнде өзгеріп отырған мына заманда, бәсекеге дөп беретін, ұлттық рухы биік  қазақстандықтарды қалыптастыру заман талабы екендігін кеңінен талдап өтті.


Әрине, өркениетті мемлекетті техниканың дамуынсыз елестету мүмкін емес.


Сондықтан, Елбасы биылғы халыққа арнаған Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде жеңіске жетудің 10 міндетін айқындап берді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігі  «Қазақстан -2050» даму стратегиясында бастау алса, «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасымен толықтырылып, нақтыланған. Бүгінгі таңда Елбасы белгілеп берген «100 нақты қадам» Ұлт жоспары да кезең-кезеңімен жүзеге асуда.


Бұл тұрғыда  мемлекеттік қызметшілерге де үлкен міндеттер жүктелді. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, креативтілікті, прогматизмді, компьютерлік сауаттылықты, үш тілде еркін сөйлейтін коммуникативтілікті талап етеді.


Сондықтан, биылғы жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілер үшін «Рухани жаңғыру» аясында «Өзгерісті өзіңнен баста» кіші бағдарламасы жүзеге аспақ.  


          Онда кіші жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен негізгі іс-шаралар кестесіне сәйкес, жоспар түзіліп, арнайы жұмыс тобының жауапкершілігіне тапсырылды.


Қай жағынан алып қарасақ та, бірнеше маңызды стратегиялық жобалармен жүйеленген Елбасының биылғы Жолдауы бүгінгі күннің басты міндеттеріне жетудің айқын жолдарын көрсетеді.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы  Г.Мұсабекова


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17