• Бүгін: 09.12.2018 |$1 = ₸370.66

Мемлекеттік қызметшілерге берілген сыйлықтарды өткізу бойынша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында, Агенттікте «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы әзірленуде.


Осыған сәйкес, Агенттіктің тапсырмасымен, Жаңа жыл қарсаңында аумақтық және жергілікті атқарушы органдарда осы шектеулерді сақтау және болдырмау мақсатында Департамент тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді.


Атап айтқанда, Департаментпен  мемлекеттік органдарға білмей түскен сыйлықтарды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіндегі (бұдан әрі – уәкілетті Департамент) арнаулы мемлекеттік қорға өткізу керектігі түсіндіріліп, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлері 2017 жылдың 27-28 желтоқсан күндері барлық мемлекеттік органдарға барып, Заңның талаптарын кеңінен насихаттады.


Осы жүргізілген насихаттау жұмыстарының және «Facebook» әлеуметтік желісіне жарияланған Алматы қаласында Арнайы жемқорлыққа қарсы мониторингтік топпен жүргізілген акцияның нәтижесінде, Уәкілетті департаментке 2017 жылдың желтоқсан айына дейін 3 мемлекеттік қызметшіден барлығы 5 дана сыйлықтар қабылданған болса (соңғысы 2017 жылдың 23 мамырында өткізілген), 28-29 желтоқсан күндері облыстың мемлекеттік органдарынан 91 дана сыйлықтар актіленіп өткізілді.


Уәкілетті департаменттің ұйымдастыруымен осы өткізілген сыйлықтар алдағы уақытта бағалану арқылы аукционға қойылып сатылады.


Ескере кетер жайт, Уәкілетті департаментке 2016 жылы 15 дана сыйлықтар тапсырылып, сауда-саттыққа қою арқылы 76254 теңгеге сатылып, республикалық бюджетке аударылған.


Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 472-бабының 1- тармағына 4 тармақшасында сыйлықтары түріндегі мүлікті уәкілетті органға толық және (немесе) уақытылы берілмегені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.


Бұл ретте, өз еркімен сыйлықты тапсырған жағдайда, мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылмайтынын атап өту керек.


2018 жылдың 4-5 қаңтар күндері Департамент қызметкерлерінің қатысуында ҮЕҰ, БАҚ және Арнайы жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ облыстың қала, аудан әкімдіктері мен халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерінде рейдтік іс-шаралар өткізіп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


2017 жылы облыс көлемінде мемлекеттік қызметшілердің арнаулы мемлекеттік қорға сыйлықтар өткізгендігі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес отырысында есеп тыңдалынып, облыстағы аудан, қалалардағы мемлекеттік органдарға түсіндірме ретінде жұмыста басшылыққа алу үшін хаттар жолданды.


Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта Департамент тарапынан жалғасын табатын болады.   


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы А.Есімханов


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.