• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸364.61

Кәсібиліктің он бес нақты қадамы

Баршамызға белгілі,  2015 жылғы мамырда кәсіби мемлекеттік аппарат құру стратегиясын көздей отырып,  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт  жоспарын жариялаған болатын.


Ұлт жоспарының алғашқы қадамдары кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатын көздеді. Бұған себеп, мемлекеттік басқару салаларының негізгі тетіктерін жаңғыртып, жаңаша инновациялық технологиялардың арқасында мемлекетімізді дамыған озық мемлекеттерге теңестіру үшін, әлбетте, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігі қажет.


Осы орайда, мансаптық модель қалыптасты. Яғни, мемлекеттік қызмет төменгі лауазымдардан басталып, одан әрі қарай сатылап өсу тек конкурс арқылы әрі іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылады.  


Бұл ретте, мемлекеттік қызметті өткерудегі төменгі болып табылмайтын лауазымдарға ішкі конкурстардың өткізілетіндігін атап өтуге болады. Бұл конкурстарға тек біліктілік талаптарында көзделген жеткілікті білімі мен тәжірибесі бар сол мемлекеттік органның немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Мұндағы мақсат - әлеуеті жоғары азаматтар бар болса, мемлекеттік қызмет жүйесінде  мансаптық өсіру.


Ал, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын азаматтар мемлекеттік қызметке орналасуға тек жалпы конкурстар негізінде құқылы болады.


Жалпы конкурс арқылы жан-жақты іріктеу сатыларынан өтіп, жаңадан келген азаматтарды мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйрету мақсатында мемлекеттік қызметтің тарихында бұрын-соңды болмаған «3+3 формуласы», «тәлімгерлік» сипатындағы жаңа институттар енгізілді.


Мұны – жаңа мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекет тарапынан жасалған қамқорлық деп білеміз.


Себебі,  «3+3 формуласының» мәні тереңде. Мемлекеттік қызметке алғаш немесе біраз үзілістен соң қайта кірген азаматтың лауазымға сәйкестігін анықтау мақсатында міндетті үш ай сынақ мерзімі белгіленеді.


Осы кезең ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан кірген азаматтардың бойында мемлекеттік қызметшіге қызметке сай әдеп, жауапкершілік, алға қойылған мақсатттарға жетуге қажетті дағдыларды  қалыптастыру, сондай-ақ,   оны мемлекеттік қызметке баулу, тәрбиелеу мақсатында тәжірибелі, өнегелі мемлекеттік қызметшілер арасынан тәлімгерлер бекітіледі.


Ал, үш ай  сынақ мерзімі аралығында өзін оң қырынан таныта алмаған мемлекеттік қызметшіге тағы бір мүмкіндік ретінде қосымша үш ай сынақ мерзімі белгіленеді. Бұл аталған азаматтың толық қалыптасып, мемлекеттік қызметке дағдылануына мүмкіндіктер береді.


Кәсіби шеберлікті анықтаудың тағы бір көрінісі ретінде мемлекеттік қызметшілерді жыл сайынғы бағалау институты жұмыс жасайды. Әрбір мемлекеттік қызметшінің жыл сайынғы атқарған еңбегі, оның мемлекеттік қызметке қосқан үлесі және жеткен нәтижелерінің тиімділігі бағалау жүйесі арқылы есепке алынады.


Мемлекеттік қызмет жүйесінде бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметшіге санаты мен қызмет өтіліне қарай лауазымдық айлықақы төленіп келеді.  Ал, Ұлт жоспарының қадамдарында көрсетілген стратегиялық мақсаттарға қарағанда, республикамыздың жекелеген аймақтарындағы өңірлік коэффициенттер ескеріле отырып, әркім атқарған еңбегіне сай жалақыға ие болады. Бұл ретте, өзінің міндеттерінен тыс мемлекеттік органның көздеген мақсаттарына жету үшін жасалған артық еңбек пен жұмысты жетілдіру бағытында берілген бастамалардың ролі зор болмақ. Себебі, олар үшін мемлекеттік қызметшіге жалақыдан тыс бонустар есептелетін болады.  


Заңның жаңа моделі бойынша мемлекеттік қызметшілердің тағлымдамасы институтына көбірек назар аударылған.  Яғни, мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге барып, кәсіби білім алуы мен тәжірибе алмасуы  үшін олардың тағылымдамасын жүзеге асыру көзделіп отыр.  Мемлекеттік қызметшіге оның өзіндік дамуына мүмкіндіктер бере отырып, жұмыс орны мен жалақысының сақталуы турасында әлеуметтік қорғалуы да қамтамасыз етілген.


Ең негізгі мәселелердің бірі – мемлекеттік қызметшілерді оқыту. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында олардың үш жыл ішінде біліктілігін арттыруы Ұлт жоспарында айқындалып, Заңға міндетті талап ретінде енгізіліп отыр. Мемлекет кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында мемлекеттік қызметшілерге барлық мүмкіндіктерді қарастырып, олардың мемлекет есебінен білімі мен кәсібилігін шыңдауына жағдай жасауда.


Ұлт жоспарының он бесінші қадамы іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді сынға алды.


Себебі, 2017 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік қызмет  атқарып жүрген «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кешенді түрде аттестатталды. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтегі  азаматтардың кәсіби дайындығын,  атқарып отырған лауазымына сәйкестігін анықтау болатын.


Аттестаттау кезінде құзіреттілік  бойынша  мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін басқару деңгейі, халыққа қызмет етуде тұтынушыға бағытталуы, ынтымақтастыққа қол жеткізе алу, мәселені шешуде өз бетінше шешім қабылдау, өзіндік дамуы, сондай-ақ, жеке басының адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық және стресске орнықтылық сынды жеке құзіреттілігіне қатысты қасиеттері айқындала түсті. 


Мұның барлығын да мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге бағытталған іс-шара ретінде қарастыруымыз қажет.


Демек, біліктілігі мен іскерлігі електен өткен тәжірибелі  азаматтарға мемлекеттік басқару жүйесін аманаттау қажет.


Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет саласындағы тарихи маңызды реформаларға байланысты әрбір мемлекеттік қызметшіге күрделі міндеттер жүктеліп отыр. Оның халық алдындағы қызметі  терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да, халыққа қызмет ету -  қашанда сындарлы да абыройлы іс екенін жүректің түкпірінде ұғына отырып, мінсіз мемлекеттік қызметке қол жеткізуді мақсат тұтуымыз қажет.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің


Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы


Г.З. Зейнулла


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17