• Бүгін: 21.07.2018

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру бойынша тапсырма берген болатын.
Қазіргі таңда, облыстық құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелер арасында азаматтарды жеке қабылдау жөнінде кесте бекітілді.
Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті облыстық құқық қорғау қызметтер орталығында жеке қабылдау өткізді.
Мұндай қабылдаудың ерекшелігі азаматтардың мәселелерін жылдам шешуге, сондай-ақ, ұзақ уақытты алатын әкімшілік рәсімдерді қоспағанда, заң тұрғысында көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, осы тұрғыдағы жеке қабылдаулар әр айдың төртінші сейсенбі күні сағат 10:00-13:00 аралығында Құқық қорғау қызметтер орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өткізіліп отырады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Шіл 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

3

5

13

16

17

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17