• Бүгін: 23.06.2018 |$1 = ₸339.98

ДЕПУТТАР АУДАНҒА ТҮРКІБАСЫ АТАУЫН БЕРУ ҰСЫНЫСЫН ҚОЛДАДЫ

Түлкібас ауданының атауын өзгерту туралы ұсыныс соңғы уақыттары жиі қозғалып келеді. Ал, осы аптада алтыншы шақырылымындағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясында аталған ұсыныс күн тәртібінде қаралып, депутаттар тарапынан қызу қолдау тапты. Сессияға төрағалық жасаған Өтепбай Маткерімов аталған ұсыныс туралы мәслихаттың шешімі облыстық ономастика комиссиясына жіберілетінін хабарлады. Бұл тақырып бойынша бұған дейін ауданға қарасты он бес ауылдық, поселкелік округтерде жиындар өткен. Жиынға қатысқан халық бірауыздан Түркібасы атауын қолдап, қарсы еместіктерін білдірді. Одан бөлек бұл тұрғыда зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары, ардагерлер кеңесі және қоғамдық кеңес мүшелері бас қосты. Осындай мәнді кездесулердің арқасында аудан атауын өзгерту туралы қаулы қабылданып, көпшілік айтулы мәселені аудандық мәслихаттың назарына салды. Сондықтан кезектен тыс бұл сессияны депутаттар тарихи күн деп санады. Ө.Маткерімов бастапқы сөзінде:


 -Әлемде үш жүз миллионнан астам түркі халықтары өмір сүреді, отыз сегіз түркі тектес мұсылман мемлекеті бар. Міне, осы түркі ұрпағының түп тамыры, тарихи шыққан жері, қара шаңырағы – Қазақ елі екенін дүние жүзі мойындап отыр. Енді Қазақстанның қай жері дегенге келетін болсақ, қазіргі Түлкібас ауданының Азаттық ауылында қасиетті төбе тұр, сол төбенің басында орта дәуірде өмір сүрген Түркібасы әулие жатыр. Сол кезде түркілер құрамына қазақ, өзбек, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, гагауз және т.б кірген. Сол замандарда Түркібасы түркілердің қолбасшысы, хандардың қағаны болған. Тарихта әр түрлі атаумен, мысалы қытайлар Ши Де Ми, орыстар Ештеми, грек жазбаларында Стемвис, Менандр жазбасында Дизавул аталып жүрген, бұл -  өзіміздің Дәу баба бабамыздың немересі Естемес Дулы. Бұл жөнінде кеңірек мағлұмат беру үшін сөзді ауданның Құрметті азаматы Сауранбек Таңатбаевқа берейін, - деді.


Аудан атауын қайта қалпына келтіру бойынша белсенділік танытқан  азаматтардың бірі Сауранбек Таңатбаев өз баяндамасында «ауданның Түлкібас атауын өзгерту қандай қажеттіліктен туындады?», «Түркібасы атауы не себептен таңдалды? Түркібасы кім?», «Ауданның атауы Түркібасы болғанда біз не ұтамыз?»  деген сауалдарға жауап іздеді.


С.Таңатбаев:


-Бұл Елбасының 2017 жылғы 15 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау, тарихи дәстүріміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, өшіп бара жатқан тарихымызды қайта жаңғырту мақсатында атқарылған шаралар. Ауданның Түлкібас атауы бұрмаланған, оның тарихи атауы Түркібасы екенін біздің ғалымдарымыз бен тарихшыларымыз толық дәлелдеді. Т.Рысқұловтың «Түбі бір түркі түгел бол!» деген ұранды сөзінің оты әлі өшкен жоқ. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның: «Түркібасы десе, ата-бабаларымыздың атқа қонып, қолдарына найза ұстап, жауға шапқаны, кең даламызды қызғыштай қорғағаны көз алдыма елестейді» деген сөзі рухымызды оятты. Мекемтас Мырзахметтің, Оразалы Сәбденнің, Мархабат Байғұт, Әділхан Байбатшаның көз майын тауысып, жинақтаған тарихи деректері, сондай-ақ 2017 жылдың 28 қарашасында Астана қаласында өткен халықаралық ғылыми практикалық конференциясының қабылдаған шешімі негіз болды. Осы шешім арқылы үкімет жанындағы ономастикалық комиссиясына, «Киелі Қазақстан» ұлттық ғылыми зерттеу орталығына ұсыныстар жолданды. Конференцияға АҚШ, Үндістан, Иран, Ресей, Украина, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа мемлекеттердің өкілдері, үкімет мүшелері қатысты. Бұл жерге арнайы шақырылған ғалым, жаратылыстану ғылымдарының докторы, профессор Ә.Байбатша Түркібасы туралы ғылыми баяндама жасады. Баяндама конференцияда қолдау тапты, жиында екі ұсыныс қаралды. Оның бірі – Түркібасы әулие еліміздің 100 киелі мекен қатарына лайық тарихи ескерткіш ретінде қосылсын, екінші – ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясына қазір бұрмаланып, Түлкібас аталып жүрген ауданға және осы қос өркешті тауға ежелгі Түркібасы атауы қайтарылсын деген ұсыныс еді...


 Міне, осы нәтижелерден кейін бұл күні аудан тарапынан тарихи құжатқа қол қойылды.


Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары М.Жанесен, А.Жабағы, мәслихат аппаратының қызметкерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек, қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Анашев және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.


Құралай АХМЕТОВА


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Мау 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

8

12

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17