• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ДЕҢГЕЙІ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып отыр.


Елімізде Тәуелсіздік алғалы бері жемқорлықпен күресу жолында бірқатар жұмыстар атқарылды. Анығырақ айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде жүзеге асыратын уәкілетті орган құрылды, сондай-ақ, тиісті заңнамалар қабылданды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары Қазақстан Респуб­ликасының 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия­сында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көрініс тапты.


Сонымен қатар, Елбасы әр жылғы Жолдауында жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейтуді тапсыруда.


Халықаралық үкіметтік емес ұйым «Transparency International» бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейіне зерттеу жүргізеді. Осы тұрғыда, 2018 жылы 22 ақпанда Транспаренси Интернешнлдің 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі (СТИ) ресми жарияланды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап, әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленді. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткішті 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартып отыр.  СТИ-де 31 ұпайға қол жеткізу рейтингке алғаш қатысқан сәттен бастап (1999 жылдан бастап) Қазақстанның ең жоғары көрсеткіші болып табылады.


Жолдауда қауіп-қатерлерді еңсеру үшін және еліміздің одан әрі дамуы үшін  барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән берілген.


Сондықтан, Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыруда, әсіресе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда барлығымыз қоғам болып әрекет етуге шақырамын.


 


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің


Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17