• Бүгін: 24.09.2018 |$1 = ₸355.88

«Цифрлық Қазақстан» аясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру – уақыт талабы

Елбасы биылғы халыққа арнаған Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде жеңіске жетудің 10 міндетін айқындап берді.
Бұл міндеттердің маңыздылығы «Қазақстан -2050» даму стратегиясында бастау алса, «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасында нақтыланды.
Қай өркениетті мемлекетті алып қарасақ та, мемлекет тарапынан адамзатқа көрсетілетін қызметтің барлығы дерлік электрондық жүйеге өткендігін байқаймыз.
Біздің мемлекетте де электрондық үкімет өркендеген сайын, сыбайластық дерті де біртіндеп жойылады.
Өйткені, қызмет көрсетуде қызметшілер мен азаматтардың тікелей жолығуы осы келеңсіздікке алып баруы мүмкін.
Тәжірибеде байқағанымыздай, тікелей байланыстан кеңсеге түскен өтініштердің орындалу мерзімінің бұзылуы, қосымша құжаттардың сұратылуы сияқты әкімшілік кедергілер туындаған.
Осындай кері көріністердің алдын алу мақсатында, қазіргі таңда Департамент тарапынан қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерді тек ХҚКО арқылы көрсету және мемлекекттік қызметшілердің электрондық портал арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-на бармай, өздігінен алуы үшін жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар үшін мемлекеттік корпорация және электрондық түрде қызмет алуға үйрету бойынша бірнеше мастер-класстар өтті.
Департамент тарапынан арнайы бейне және анимациялық роликтер әзірленіп, облыстың барлық мемлекеттік қызметкерлерінің компьютерлеріне енгізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің ізін ала бұл қызу науқанға алғашқылар болып жергілікті бюджеттік мекемелердің басым бөлігін алып тұрған білім саласының қызметкерлері кірісті.
Педагогикалық қауым үшін өткен оқыту семинарларының нәтижесі іспетті, мемлекеттік қызметті өздері алу дағдыларын анықтау бойынша Шымкент қаласы оқушылары арасында КВН өтті.
Жұртшылық арасында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты электронды үкімет порталы арқылы жоюды мақсат еткен бұл сайысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мониторингтік тобы, блогерлер, қоғамның белсенді қайраткерлері және «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қазылық етті.
Ісшара барысында мемлекеттік және орыс тілдерінде «электрондық үкімет» арқылы мемлекетік қызмет алу тәсілдерін үйрететін бейне және анимациялық роликтер көрсетілді.
Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардан құралған бұл КВН басталысымен-ақ, көрермендер «Цифрлық Қазақстанның» берік іргесін қалап жатқандай сезінді.
КВН-нің әрбір бөлімі электрондық сауаттылықты ашумен қатар, жанкүйерлерге шалқар көңіл күй сыйлады.
Қатысушы командалардың барлығы да ерекше дайындығын көрсете білді. Ы. Алтынсарин атындағы №65 гимназия мектебі сайыскерлердің көшбасшысы атанды.
Алда мұндай іс-шаралар көптеп болатынына сенімдіміз.
Өйткені, «Цифрлық Қазақстан» аясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру – уақыт талабы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жесқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің
ОҚО бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының
бас маманы А.Джумакулов


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17