• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ, РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауының 9-шы бағытында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес әрі қарай жалғаса беретінін атап өтті. Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді болуы қоғамның белсенділігіне байланысты. Осыған орай, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) ОҚО өкілдігімен (әрі қарай - PRI) «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи технологиялары, ресурстары және механизмдері» тақырыбында ғылыми-конференция ұйымдастырылды. 


Конференцияның мақсаты – PRI-мен бірлесе өткізілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін талқылау болып табылады. Ғылыми-конференцияға  «Нұр Отан» партиясының филиалы, қылмыстық-атқару жүйесі және ішкі істер департаменттерінің  өкілдері және түзеу мекемелерінің басшылары қатысты. Іс-шарада сөз алған Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы халықаралық ұйым өкілдерінің азаматтық ұстанымына алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде сарапшылардың пікірлері мен ұсыныстары маңызды екендігін атап өтті.


Айта кетейік, 2017 жылғы 3 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен PRI арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумы бекітілген. Аталған меморандум аясында ағымдағы жылы Департамент пен PRI өкілдерімен бірлескен жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.