• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасы және Орта Азия елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: жағдайы, үрдістері және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің өкілдері, маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы  және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар, Алматы қалалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ президенті Ж.Жакупов, облыстық соттын судясы Б.Байдуллаев және т.б. қатысты. Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменттің өкілі Ж.Әлжанова, Анталия білім университетінің профессоры Ө.Өзкан (Туркия), М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры Н.Шермухамедова, Ташкент мемлекеттік стомотологиялық институтының профессоры З.Мухамедова (Өзбекстан), «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Ж.Жакупов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Заңтану» факультетінің профессоры Г.Айгаринова, ОҚМУ «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі Ж.Ақшатаева баяндама жасады. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда - азаматтық заңнама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, халықаралық тәжірибе, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың рөлі мен орны талқыланды.  Айта кетейік, қатысушылар алты секция бойынша бөлініп, түрлі тақырыптарда 1 күн бойы талқылау жұмыстарын жүргізді. Конференция соңында Қазақстан Республикасында және Орталық Азия елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың кейбір мәселелеріне талдау жасалынды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17