• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

«ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА»

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент (бұдан әрі - Департамент) басшысы Ә.Көмекбаев облыстағы барлық мемлекеттік органдардың басшылары, аудан, қала әкімдері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесу барысында «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы жайлы айтып өтті.


Өткен жылдың басында Мемлекет басшысымен қоғамның көзқарасын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына бастамашылық жасалып, жаңғырудың алты бағыты айқындалған болатын.


Осы бағыттарды ескере отырып, алты кіші бағдарламалары айқындалған. Ал, оларды үйлестіру жеке мемлекеттік органдарға жүктелген:


- Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі - «Атамекен»;


- Білім және ғылым министрлігі - «Тәрбие және білім»;


- Ақпарат және коммуникациялар министрлігі - «Ақпарат толқыны»;


- Мәдениет және спорт министрлігі - «Рухани қазына»;


- Ұлттық кәсіпкерлер палатасы - «Іскер азамат-ел тірегі»


- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі - «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы.


Департамент басшысы «Өзгерістерді өзіннен баста» кіші бағдарламасы мемлекеттегі өзгерістердің бастамашысы мен жол серігі ретінде мемлекетттік органдардың рөлін арттыруды көздейтіндігін және кіші бағдарламаның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жүріс-тұрыс моделін өзгерту арқылы мемлекеттік органдардың мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіру болып табылатындығын жұртшылық назарына жеткізді.


«Сіздерді өз тараптарыңыздан өздеріңіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыңызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріңіз ұсынған Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, ой-өрістеріңізбен бөлісіп және осы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын» - деді Департамент басшысы Әли Амантайұлы.


Кездесу барысында оңтүстік өңіріне іс-сапармен келген Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері де жиналған қауым алдында сөз сөйледі.


Алдағы уақытта «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы бойынша жұмыстар бұнымен тоқтамай, ары қарай мемлекеттік органдарда өз жалғасын табатын болады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17