• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Мереке күні 32 мың тұрғынның қатысуымен бірлік шеруі өтті

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл күнде Шымкентте жиырмадан аса ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Биыл шымкенттіктер де Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін ашық аспан астында мерекелік концертпен, халықтық серуенмен атап өтті. Мейрамның басы Əл Фараби алаңынан бастау алды. Мереке күні 32 мың тұрғынның қатысуымен бірлік шеруі өтті. Алаңға лық толған халық алдымен қаланың басты алаңында «Достық алақаны» атты алып панноны жасауға атсалысты. Жалпы соңғы жылдары панно жанрлық жағынан ерекше дамыды. Бұл күні алаңға жиналған халық бейбітшіліктің символы болып табылатын көгершін құсты алақан іздерімен бейнелеп шықты. Тіпті, қала тұрғындарын арнайы құттықтауға келген қала әкімі Нұрлан Сауранбаев та алып панноға алақанының ізін қалдырды. Осы күні мерекеге келген көпшілік ерекше концертті тамашалап, бір серпіліп қайтты. Сондай-ақ, мұнда би марафоны ұйымдастырылып, қаланың үздік би ұжымдары көрермендерге Қазақстан аумағында тұратын халықтардың билерінмың бұрала билеп көрсетті.  Ал кешке алаңда Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.