• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

"Шапито" циркі шымкенттіктердің көңілінен шықты

   Әдетте цирк ойын-сауығы алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерден тұрады. Бүкіл өмірін көшіп қонумен өткізетін цирктер де болады. Оларды кезбе цирктер деп атайды. Осындай кезбе цирк «Шапито» әртістері жыл сайын Шымкент қаласының көрермендері үшін бағдарлама ұсынатыны үйреншікті жайт. Бұл жолы да атақты цирк шымкенттіктерге арнап «Акула» атты айрықша қойылымдарын әкелген. Енді бір ай бойы қала тұрғындары осы ерекше бағдарламаларды тамашалай алады. Балалардың ғана емес, ересектердің өзін таңдай қақтыратын небір күрделі трюкті қамтитын акробаттар, өмірін нағыз қауіп-қатерге тігіп, тым жоғарыда жіңішке жіп үстінде ұршықша иірілетін шебер адамдардың өнері көпшілікті тамсандыратыны рас. Цирктік әртістері соның ішінде фантастикалық көрініс көрсеткен және темір адам атанып кеткен Феруз Юсупов ең ауыр темірлерді тісімен көтеріп, алып күш иесі екенін дәлелдеді. Гиннестік рекорд жасаған Константин Дасов қимыл-қозғалысы епті, пластилин адам екенін көрсетіп, жұртшылықты тәнті ете білді. Мұнан соң ат үстінде би билеп өнер көрсетілді, әбжіл барыс, африка арыстаны, жабайы мустангтер, солтүстік американдық еноттар, экзотикалық мысықтар да сахнаны сәнге бөледі. Екі сағатқа созылған шоу шымкенттіктердің көңілінен шықты.   


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.