• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

«ЕҢБЕК» ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Шымкент қаласында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті. «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы қатысушыларының жәрмеңкесінде ет және сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары сатылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін дөңгелеткен 60 кәсіпкер келушілерге өздерінің тауарларын төменгі бағада ұсынды.


Мерекелік жәрмеңке болғандықтан мұнда ойын-сауық және концерттік шоу-бағдарламалар қойылып, сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сатып алушыларға лотерея билеттері таратылып, жеңімпаздарға жәрмеңке алаңында ғана жарамды ақшалай купондар табысталды.


«Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының арқасында «Даму» қоры арқылы 150 бастауыш және ағымдағы кәсіпкерлер өз ісін ашып, кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Жалпы қаржыландыру көлемі 1,4 млрд. теңгені құрады.


Ал, «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2017 жылы аталған бағдарлама аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жалпы 900 млн. теңге қаражат тартып, нәтижесінде 180 жаңа жұмыс орны құрылған 191 жобаны қаржыландырды. Аграрлық несие корпорациясынан тартылған қаражат ауыл тұрғындарына таратылса, «Даму» қорынан бөлінген қаражат арқылы Кентау, Түркістан және Шымкент қалаларының тұрғындары несиелендірілді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.