• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкентте «WorldSkills Kazakhstan- 2018» білім сайысы өтті

Шымкент қаласында «WorldSkills Kazakhstan- 2018» өңіраралық чемпионаты өтті. Бұл іс-шара Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру бойынша өтуде. Қиялы ұшқыр, ойы озық білім сайысының қатысушыларына сәттілік тілеген облыс басшысы бүгінде елімізде техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріліп отырғанын атап өтті.


«Бүгінгі таңда елімізде индустриалды  инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда. Оны  жүзеге асыру үшін жаңа үлгідегі өндірістік желілерін ашу және жоғары білікті шебер мамандарды қалыптастыру талабы қойылды. Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде білім беруді дамыту, соның ішінде техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріп отыр. «Қазақстан–2050» стратегиясының негізгі басым міндеті елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып,  бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады.  Облыстағы техникалық және кәсіптік білім саласында  Елбасымыздың «Бес әлеуметтік   бастамасы» аясында ауқымды шаралар қабылданып және 2017 жылғы қыркүйектен бастап «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы жүзеге асырылуда»,-деді Ж.Түймебаев. Салтанатты шараға қатысушы қонақтар сонымен қатар, студенттер жасаған ауылшаруашылық техникаларынан ұйымдастырылған және шығармашылық-инновациялық жобалық көрмелермен танысты. Төрт күн бойына жалғасатын білім жарысында қатысушылар инженерлік, сантехника және жылыту, веб-дизайн, электрмонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, кескіндеме және сәндік жұмыстар, мобильді робототехника сынды 30 мамандық бойынша бақтарын сынады. Өңіраралық чемпионатта «Ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларды жөндеу-слесары» кәсіптік құзіреттілігі бойынша жүлделі І орынға ие болып, арнайы дипломмен Шырынбек Нұрбек марапатталды. Чемпионатқа қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алатындығын көрсете алды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.