• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Инновациялық идеялар байқауында шәкірттер топ жарды

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының қалалық кезеңінің марапаттау рәсімі өтті. Бүгінде  ұрпағына үлгі боларлықтай із қалдырып, жас талаптының талабына талғам ұялатып, ұшқыр қиялына қанат жалғайтын демеушілер жетерлік. Соның бірі жас өнертапқыш, идеяшыл ұландар ісіне ұмтылыс беріп, жігерін жаныған жастарға демеушілік танытқан көңілі көлпар, жаны жомарт азаматтың бірі «ДАМУ-М» қоры, ЖШС –нің директоры Ермек Ерғалиұлы Мамыраев мырза. Шымкент қаласындағы №130 мектепте «Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар тақырыбымен айшықталған өнерлі өрендер арасындағы байқауда жеңімпаз атанғандардың қалалық кезеңінің марапаттау рәсімі өтті.


Аталмыш байқауға «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру және құрылыс облысындағы жобалар», Астананың 20-жылдығына, Авиация және әскери техника саласы бойынша, автокөліктің қоданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру бойынша, ауылшаруашылық техникалар мен жабдықтар және су көлік саласындағы техникалық құрастыру бойынша, ІТ Планета, Робото-техника, компьютерлік бағдарлама тағы басқа бойынша 58-ге тарта жұмыспен көзге түскен 74 оқушы, 33 жетекші қатысқан болатын. Жалпы, 9 атаумен белгіленген 9 жүлдегер жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттармен бірге, робот, консктруктор сынды сыйлықтар ұсынылды. Сондай-ақ, «ДАМУ-М» қоры, ЖШС-інің директоры Ермек Ерғалиұлы Мамыраев алдағы уақытта байқау жеңімпаздарын өздері басқарып отырған аталмыш ғимаратта үш айлық ақысыз оқумен қамтамасыз етілетінін жеткізді. 


Шымкент қалалық білім бөлімі


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.