• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Қасиетті киелі шаңыраққа – 100 жыл!

Шымкенттегі киелі шаңырақ Қарсыбай Сыпатаев атындағы №7 мектеп – лицейінің 100 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Сыпатаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Бүгінде шәкірттері мен ұстаздары осынау ғасыр толып, ғаламға белгілі болып отырған шаңырақтың тарихи мерекесіне батырдың ерлігіне тағзым етіп, батыр рухын құрмет тұтқан қонақтар жиналды. 
Білім ордасының қасиетті де, киелі екені әубастан – ақ белгілі. Белгілі дейтініміз бұл мектепте кезінде одақ көлеміне танымал, есімдері аңызға айналған, қазақтың біртуар ержүрек батыр ұлы, Халық қаһарманы, жазушы Б.Момышұлы, жазушы Ә.Тәжібаев, математика ғылымының докторы, академик Ө.Жолдасбеков, медицина ғылымының докторы И.Байдаулетов сынды профессор, ғалымдар дәріс алған. 2006 жылдың қараша айынан бастап мектепті «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин», «Білікті басшы», «Ұлағатты ұстаз» төс белгілерінің иегері Алшынбекова Орынкүл Жұмабайқызы басқарып келеді. 2013 жылы қараша айында мектептің 95 жылдық мерейтойын атап өтілген болатын. Мектеп басшысының біліктілігі мен ой-парасатының озықтығы нәтижесінде 100-жылдық мерейтой да өз деңгейінде өткені кішіге өнеге, үлкенге құрмет екендігін айқындап беріп отыр. Салтанатты жиынға жиналған зиялы қауым өкілдері және батырдың артында қалған іздері өз кезегінде сөз алып, Қарсыбай Сыпатаев жайында ой толғап, сыр шертісті. Кеш соңында тарихи тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, бір сәт үнсіздік жарияланды.


Қалалық білім бөлімі


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.