• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Ардагерлерімізді ардақтайық!

Барлық ізет ардагерлерге. Мереке қарсаңында Шымкент қаласындағы  Ардагерлер үйінде ем алып, дем алып жатқан қарияларға да құрмет көрсетілді. Мерекелік дәм ұсынылып, әсем ән тарту етілді. "Адам сәбиінде бір бала,  Қартайғанда тағы бала." - дейді, қарияларымыз жас балаша қуанып, алғыстарын жаудырып жатты. 
Жастық шағын тылдағы ауыр еңбекке арнаған аталар мен апалар мереке қарсаңында мәз – мейрам болды. Әкімдік атынан сый-сияпат жасалып,  көнекөз қариялардың жаны жадырады. Әсіресе, ардагерлердің  жас күнін еске түсіретін әскери әндер  қарт көңілді толқытты.  Ардагерлер үйі  200 адамға арналған. Бүгінгі таңда 66 тыл ардагері, 36 Батыр ана, 94 зейнет жасындағы қариялар тынығуда. Жиын барысында аға буын бүгінгі бейбіт күнге шүкіршілігін айтып, ел билігіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ардагерлеріміз жастарға өнегелі әңгімелерін айтып, қызықтарымен бөлісті. Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Бұл бәріміздің ортақ, абыройлы борышымыз екендігін әрдайым естен шығармауымыз керек. Қарты бар елдің қазынасы бар. Ардагерлерімізді ардақтайық!


Дерек көзі: К. Дүйсенбі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.