• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Жас өрендер "Данқ" мемориалына жиналып, майдангерлерді еске алды

Көзсіз ерлік мәңгілік теңдік пен бостандық сыйлады. Батыр бабасы арқасында бейбітшілік бесігінде тербелген ұрпақ бүгін «Даңқ» мемориалына жиналды. Әскери-патриоттық сайыста бақ сынады. Болашақ батырлар жарысын Шымкент қалалық әкімдігі мен қалалық білім бөлімі ұйымдастырды. «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» деп ұрандатқандар бұл шараны қос мерекеге қатар арнады. Әскери-патриоттық сайыс басталмас бұрын, мектеп оқушылары салтанатты сап түзеп, осы күнге жетпеген ардагерлерді еске алды. Іс-шараға арнайы шақырылған Ауған соғысы ардагерлерімен майданнан оралмаған жауынгерлер рухына тағзым етті. Мәңгілік алауға гүл  қойды. Еске алу шарасынан соң, жас өрендер әскери жетекші тағайындап, 13 оқушы болып, сайысқа бет алды. Тізеліні бүктірер, еңселіні құлатар қарым-қабілеттерін көрсетті.


Қуаныш Есқараев – Шымкент қалалық білім бөлімінің әдіскері


Сайыстың ережелері: жастар салтанатты шерумен және «Калашников» автоматын толық емес бөлшектеу және оның жинақтау тәртібімен, сондай-ақ,алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, 10 метр қашықтықтағы нысананы дәлдеу, сол сияқты ережелерді орындайды. Жеңімпаздар марапатталады.


Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына да - 30 жыл. Мақсатсыз соғыс құрбандарына арналып, бүгін де ауқымды жиын болып өтті. Отанқорғаушылар мәртебесін асқақ тұтқан Ауған соғысының ардагерлері, өзбекстандық, қырғызстандық қаруластарымен бірге. Ерлік ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  Қаруластарын бір сәт еске алып, «соғыстың соңғы сарбазы біз болайық», - деді.


 Дерек көзі: shymkenttv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.