• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкентте спортшы-воркаутерлердің қатысуымен қалалық жүгіру өтті

Шымкентте спортшы-воркаутерлердің қатысуымен қалалық жүгіру өтті. Демалыс күніне қарамастан таң атпай жиналған жүгірушілердің саны жүзден асып кетті, олардың арасында он жылдан бері спорттың осы түрімен айналысып келе жатқан азаматтар болды.  Нақтырағы, воркаутерлер қаланың Орталық саябағынан Жеңіс саябағына дейін үш шақырым жолды жүгіріп өтті. Спортшыларды мәре сызығына дейін жол-көлік патрулі еш кедергісіз, кептеліссіз алып жүрді. Жалпы қалада спортпен айналысуға жағдай жасалған, көше аулаларында воркаут-спорт алаңшалары орналасқан, қазір олардың саны сегіз. Воркаутер алаңшалары - белтемірлерде, қырлы бөренелерде, көлбеу сатыларда және басқа конструкцияларда жасалатын дене шынықтыру жаттығулардың түрі. Көше фитнесі деп атасақ та болады. Яғни, воркаутерлер бұрынғыдай ауасы тар залдарда емес, кең аспан аясында көп қабатты тұрғын үйлердің алдында орын тепкен воркаут алаңшаларында жаттыға алады. Мұнда кез-келген тұрғын салауатты өмір салтын ұстанып, өмірге деген құлшынысын арттыра алады.  


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.