• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 10 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті,                         «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалы І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді.


Брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев «Агенттік Төрағасы бекіткен 2018 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарына сәйкес «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Марафонға облыстың 15 аудан, қалалардағы әкім аппараттары мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мақсатты топтардың атсалысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін болады. Қазіргі таңға марафонды Шардара, Мақтарал аудандар өткізіп, эстафетаны Сарыағаш ауданы алып отыр» - деді.


Сонымен қатар, азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, кері байланыс орнату мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. Аталған жоба аясында, белгілі әлеуметтік желілерде (Facebook, VK, Instagram және What’s up, Telegram (8-775-869-21-21) және колл-центр (8 (7252) 51-51-51) арқылы жалпы саны 27 хат келіп түскен.


Елімізде мемлекеттік қызметтің жай-күйі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамалар Елбасыға ұсынылып, баяндамалар келісіліп қолдау тапты деген Әли Амантайұлы, баяндамалардың негізгі бөліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, Департамент тарапынан Баяндамалардың  толық нұсақасын БАҚ-да жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


2018 жылы кадрлардың таза ауысымдылығы 7,5%-дан аспауы қажет. Ал, 1 тоқсан қорытындысымен бұл көрсеткіш облыс бойынша –  72 (0,8%) құраған.


2018 жылдың 1 тоқсанында 2991 тест тапсырған кандидаттың адамның 1262-і (42,1%) тесттен өткен. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Тастеміров департамент бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.


Сондай-ақ,  ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалының директоры З.Қабылбекованың айтуынша І тоқсанда жергілікті және аумақтық органдардан 343 мемлекеттік қызметші оқудан өткен, оның ішінде, 9-семинардан біліктілігін арттырудан 239 қызметші, ал, 4 курста 104 адам қайта даярлаудан өткен. Айта кету керек, филал қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлкен мән береді. Аталған тақырыпта 230 мемлекеттік қызметшілер оқудан өткен. Филиалмен 84 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде,                     7 ғылым докторлары, 16 ғылыми кандидаттар, 1 PhD докторы бар.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.