• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

«Жеңіс лентасы» атты акция ұйымдастырылды

9 мамыр Жеңіс мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жеңіс лентасы» атты акция ұйымдастырылды. Акция Жеңістің 73 жылдығына арналды. Ісшара барысында қала қонақтары мен тұрғындарына 2000 дана Жеңіс лентасын тегін таратты. Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың жауынгерлік ерлігін құрметтеу және дәріптеу.  Жеңіс күніне жеткізген аталарымызға, әкелерімізге, аналарымыздың ерлігін мәңгі ұмыт қалдырмай бағалау болып табылады. Сондай-ақ, Жеңістің құрметіне Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен “Парасат” колледжінің ерікті жастар жасақтары "Қаһармандар картасы" мазаратында тазалық жұмыстарын жүргізіп, жастарға Ұлы Отан соғысындағы батыр бабаларымыздың Отаны, Елі, Жері үшін атқарған ерлігімен таныстырып, ардагерлерімізді құрмет тұтуға шақырды. Қаһармандар картасы – Ұлы Отан соғысында жан тапсырғандарға арналған ескерткіш. Шымкенттік ескі мазарда 53 жауынгер жерленген. Олардың арасында Кеңес Одағының екі батыры бар. Сонымен қатар бертінде қайтыс болған ардагерлер де жерленген.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.