• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Шымкент қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары патриоттық әндер байқауын өткізді

«Біз сіздерді мәңгі ұмытпаймыз!» әлеуметтік жоба аясында Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Жеңіс мерекесіне арнап бірнеше іс шара өтті. Алдымен мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагері Күлжаназаров Тлеумбет атамен кездесіп, қызықты сұхбат өткізіп, қарияның ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді. Мұндай мәдени шара барысында жастарымыз отансүйгіштік рухта, болашақта өз елінің нағыз қорғаушысы болуға тәрбиеленеді және айбынды, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өседі. Сондай-ақ, мектеп залында Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Шаңырақ» атты   оқушылар қауымдастықтары арасында өткен патриоттық және соғыс жылдарындағы əндерді орындау байқауы өткізілді. Мұнан кейін қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Бейбіт өмірдің ұландары қашанда Жеңіс күніне арнап қыл қаламдары ақ қағаз бетін әрлеген. Отанымыздың батырларын ардақтап, ерлігін жыр өлеңдері мен шығармаларына арқау еткен олар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастырған байқауда да жүлделі болды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.