• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Достық пен татулық апталығы өтті

Шымкент қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұлтаралық келісім-тұрақтылық пен жасампаздықтың кепілі» тақырыбында ОҚО Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай апталық аясында өткен «Өзге ұлттардың этникалық салт-дәстүрлері» атты кездесуде еліміздің бірлігі мен татулығы жөнінде әңгіме-дүкен құрды. Іс-шараның мақсаты өзге ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын зерттеу арқылы ұлтаралық келісім құндылығын насихаттау. Апталық аясында мектептің оқушылары түрлі этнос өкілдерінің билерін билеп, әндерін орындады. Сол күні ауа райы да ерекше жылылық танытып, бір шаңырақ астындағы ұлттар мен ұлыстардың татулығына үн қосқандай болды. Сахнаға ұлттық киіммен шыққан жасөспірімдер түрлі этнос өкілдері еліміздегі ынтымақ пен ырыстың жарқын үлгісін көрсетті. Іс шараның қонақтары әсем ән тыңдап, композициялық қойылымдар тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді. Қазақ жерінде тұратын барлық этнос өкілдерінің бойындағы өзара түсіністік пен төзімділік, отаншылдық пен ел тағдыры үшін азаматтық жауапкершілікті сезінетін асыл, қымбат құндылықтарымызды тынымсыз жүргізілген жұмыстардың нәтижесінің арқасында екенін түсіне біліп, достық пен татулықтың шынайы мекені болған Қазақстанның тағдырына, оның ары қарай дамып, гүлденуіне өз септігімізді тигізуіміз керек. Бұл – біздің қасиетті борышымыз бен міндетіміз. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.