• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкенттіктер Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Шымкент әскери гарнизонында Отан қорғаушылар күніне орай ашық есік күні өтті. Салтанатты шарада сарбаздар 7 лекте жаяу тізбектер шеруін жүріп өтті. Шеруді №35748 әскери бөлімінің офицерлері мен сержанттары бастады. Екінші лекте мотоатқыш батальоны жеке құрамы, үшінші лекте танкшілер батальоны, төртінші лекте штабтық батальон болды. Ал ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметшілері бесінші лекті жалғады. Олардың соңына ілесе ҚР Қорғаныс министрілігінің Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы «Жас Ұлан» мектебінің жауынгерлері жаяу тізбектер шеруін жүріп өтті. Мерекелік жиынға қатысқан қала әкімі Нұрлан Сауранбаев барша шаһар тұрғындары мен жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. 


- Құрметті Отан қорғаушылар, қадірлі жерлестер, сіздерді Қазақстан Қарулы күштерінің құрылу күні - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ең нағыз ерлердің мерекесіне айналды. Бұл күн қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрдің заңды жалғасын тапқан күн. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен армияның жаңғыртудың басым бағыттары мен нақты даму міндеттері айқындалған. Құрметті шымкенттіктер, Қазақ елінің көк байрағы мәңгі бейбітшілік аспанында желбірей берсін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін, - деді қала әкімі. Мұнан соң шаһар басшысы бірқатар азаматтарды марапаттады. Оның ішінде 5 азамат ҚР Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызмет үшін» медалімен марапатталса, 13 азаматқа ОҚО әкімінің грамотасы мен алғыс хаты табысталды. Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан мерекелік іс-шарада жауынгерлер түрлі жаттығулар көрсетіп, патриоттық әндер шырқалды.  Сонымен қатар мерекелік басқосуға жиналған көпшілік тікелей трансляция арқылы Жамбыл облысындағы «Отар» әскери полигонында өткен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік парадты тамашалалады. 


Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.