• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

«ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Ә.Көмекбаев облыстағы барлық мемлекеттік органдардың басшылары, аудан, қала әкімдері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесу барысында «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы жайлы айтып өткен болатын.


Өткен жылдың басында Мемлекет басшысымен қоғамның көзқарасын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына бастамашылық жасалғанын бәріміз білеміз. Осы бадарламаның аясында алты кіші бағдарламалары айқындалған, оның біреуі - «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы.


Аталған кіші бағдарламаны үйлестіру ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүктелген болатын.


Кездесу барысында Департамент басшысы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы мемлекеттегі өзгерістердің бастамашысы мен жол серігі ретінде мемлекетттік органдардың рөлін арттыруды көздейтіндігін және кіші бағдарламаның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жүріс-тұрыс моделін өзгерту арқылы мемлекеттік органдардың мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіру болып табылатындығын жұртшылық назарына жеткізе білді.


Расында да, қазіргі таңда әрбір мемлекеттік қызметші өзі басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органында өзгерістер идеясын белсенді насихаттайтын, мекемедегі Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, ой-өрістерімізбен бөлісетін және осы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысатын сәт келді деп есептеймін.


Сол себепті, өңіріміздегі әрбір мемлекеттік қызметшілерді алдағы уақытта «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы бойынша жұмыстарды тоқтатпай, ары қарай өз мекемелерінде өзгерістер идеясын жалғастыруға шақырғым келіп отыр.


Өзгерістерді өзімізден бастайық, құрметті әріптестер!


 


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік


қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа


қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік


Қазақстан облысы бойынша департаментінің


бас маманы Құдайбергенов Н.М.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17