• Бүгін: 09.12.2018 |$1 = ₸370.66

Шымкентте кәсіби-техникалық мамандарға білім беру жаңа сипатқа ие

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа  арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігін айтты. Шымкенттегі техникалық колледж осындай үздік кәсіби-техникалық білім беру орындарының қатарында. Аталмыш оқу орнында жастарға кәсіптік және техникалық білім беру ісі жаңа сипатқа ие болып отыр. Мәселен, колледжде мұнай-газ және геология саласы бойынша кәсіби орта мамандар даярланады. Мұнай-газ саласы - Қазақстанның басты шикізат байлығы және гүлденудің негізгі болашағы, сондықтан колледжді бітіріп шыққан түлектердің бірқатары «Казатомпром» сияқты үлкен  пайдалы қазба өндіретін кен орындарында қызмет атқарады. Осы колледжден шыққан мамандар Қазақстанға үлес қосып жатқаны сөзсіз.


14 жыл тарихы бар техникалық колледжі Шымкент қаласындағы іргелі оқу орындарының бірі саналады. Білім ұясында техникалық бағытта 9 мамандық бойынша 376 балаға білім беріледі. Материалдық-техникалық базасы да жыл сайын жаңартылып отырады. Оқытудың озық технологияларымен қамтамасыз етуге күш салуда. Компьютрлендіру мен мультимедиялық құрылғылармен жабдықтау дұрыс жолға қойылған. Колледжде сапалы, кәсіби білім берумен қатар, тағылымы мол көптеген мәдени іс-шаралар да жиі ұйымдастырылып тұрады. Әсіресе, жастарға патриоттық рухта тәрбие беру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Колледж студенттері кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы байқауларда  жүлделі орындардан көрініп келеді. Ең бастысы, кәсіпорындардың сұранысына сай білікті кадрлар дайындауда жетістіктері мол.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.