• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінде ауыр атлетикадан чемпионат өткізілді

Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ҚР жеке кубогы мен чемпионаты өткізілді. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа еліміздің 14 облысынан және  Алматы, Астана қалаларынан 132 атлет қатысты.
Еске сала кетейік, еліміздің ауыр атлеттері қазан айына дейін әлемдік жарыстардан шеттетілген болатын. Сондықтан, бұл жолы спортшыларымыз тек ел чемпионаттарында өнер көрсетуде. Оңтүстіктегі сайыста да спортшылар шамаларын байқап, мүмкіндіктерін көрді. Олардың қатарында  Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиада ойындарының жеңімпаздары  Карина Горичева, Денис Уланов, Александр Зайчиков және Фархад Харки секілді ел мақтаныштары да бар. Жарыстың алғашқы күнгі  айналымында алаңға соңғы болып шыққан Фархад Харки 115 келі салмақты бағындырып, жарыстың үздік  спортшысы атанды. Сайыпқыран 120 келіге тапсырыс беріп еді. Алайда, бұл салмақ спортшыға бағынбады. Айта кетейік, жарыс 18 мамыр күні өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар арнайы кубокпен марапатталды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясына Қазақстан 1993 жылдан мүше. Қазақстанда ауыр атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 жылы өткізілген. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954 жылдан бері қатысады. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.