• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Шымкент зообағына қайта құру жұмыстары жүргізіледі

Зообақтың жалпы ауданы - 30 гектарды құрайды. Оның ішінде экспозициялар 19 гектар жерге орналастырылған.  Зообақта тұяқтылар, жыртқыштар, приматтар, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділерді тамашалауға болады. Сондай-ақ, мұнда балықтың 70 түрінен 1 254 балық мекендейтін аквариум орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев Шымкент қаласындағы зообақты қайта құру бағытындағы жұмыстармен танысты. 1980 құрылған зообақтың қазіргі  директоры Нұрғазы Бұхарбаев мәскеулік архитекторлардың қатысуымен бақтың бас конценциясы әзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар ол қайта құру жұмысы бойынша 5 жыл бұрын «Африка» аумағы, әкімшілік ғимараты және «Тау» экспозициясы басталып, жоспарлы уақытында аяқталғанын жеткізді. Қазіргі кезеңде 9 вольердің құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Бұдан бөлек, хайуанаттар бағының іші көгалдандырылып, ішкі жолдар мен аяқжолдар бойына зообақ логотипі бейнеленген орындықтар орнатылған. Ал, орталық ішкі жолдардағы  гүлзарларда жағалай аң мүсіндері қойылған. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жан-жануарларды сақтап, оларды көбейту мақсатында құрылған зообақта бүгінгі таңда 2,5 мыңға жуық  жан-жануар бар. Мұндағы келушілердің саны өткен жылы 426 мыңға жетсе, осы жылдың 3 айында  60 мыңнан астам адам келген.
Жануарлардың өсу динамикасы жыл санап артып, аң-құстардың түрі  75-тен 249-ға жеткен. Оның ішінде 40 шақтысы қызыл кітапқа енген.  Шымкент  мемлекеттік  зоологиялық  саябағындағы атқарылып жатқан жұмысқа оң бағасын берген аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17