• Бүгін: 21.07.2018

Шымкентте кәсіпкерлер форумы өтті

Шымкент қаласында 500-ге жуық салық төлеуші кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары арасында Салық, Кеден кодекстеріндегі жаңашылдықтарды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген форум өтті.  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ОҚО филиалының қолдауымен ұйымдастырылған шарада салық, кеден кодекстері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Іс-шараның мақсаты – шағын және орта бизнеске қолдау көрсете отырып, салық, кеден кодекстеріндегі жаңашылдықтарды бизнес өкілдеріне жеткізу және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.


Жиында жаңа кодекстерге толыққанды түсіндірме бере отырып, келесі негізгі өзгерістерге назар аударды: Атап айтқанда, «Арнаулы салық режимдері» қосымша 678, 690 баптармен толықтырылды: ол, шағын субъектілері үшін тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимі. Бұл режимді жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 50 адамнан аспайтын және салықтық кезеңдегі кірісі ең төменгі жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.


Сонымен қатар, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолдану шарты да өзгерді, яғни 683 бапқа сәйкес, дара кәсіпкер мен заңды тұлғаға бөлінбей, жалпы шарт қойылды. Сондай-ақ, кеден кодексі бойынша декларациялау мен бақылау уақыты 24 сағаттан 4 сағатқа дейін, жалпы бақылау жұмысы он күннен бес күнге дейін қысқартылды. Сонымен қатар, азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, кері байланыс орнату мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. «Қоғамдық бақылау картасы» танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp, Telegram 8-775-869-21-21) мен колл-центр (8 (7252) 51-51-51) арқылы жүзеге асырылуда. Форум барысында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың туындаған сұрақтары талқыланып, мамандармен толыққанды жауаптар берілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Шіл 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

3

5

13

16

17

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17