• Бүгін: 16.11.2018 |$1 = ₸374.14

Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі. Ұлттық дизайнерлер көрмесі өтті

Шымкент қаласында «Жібек жолы айшықтары» атты ұлттық киім дизайнерлерінің көрмесі болып өтті. Ұлттық нақыштағы киім үлгілерін ұсынумен айналысатын 40-тан аса дизайнер дербес сәндік топтамаларын таныстырды. «Жібек жолы айшықтары» көрмесінің маңызы жыл санап артып келеді.Жыл сайын қолға алынып тұрақты өткізіліп келе жатқандықтан қатысушылар қатары да артқан. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат –  ұлттық киімдердің әдеп-ибадағы рөлін нығайтып, заманауи өміршең үлгісін қалыптастыру. Осы көрме  арқылы дизайнерлер заман талабына сай қазіргі қазақ мәдениетін дамытуда үлкен рөл атқарып жатыр десек болады. Байқау 5 бағытта өрбіді. Ісмерлер күнделікті жұмысқа киетін кеңсе киімдерінің сан түрін ұсынды. Қай киімді де болмасын ұлттық орнаментпен өрнектеген дизайнерлер сайысқа бар шеберлігін салған. Халықаралық дәрежедегі шебер Сейфолла Жолдасов көрменің маңыздылығын, бүгінгі жастардың ұлттық нақыштағы киімдерге  бейімделіп, қазақы ою-өрнекті қолдана отырып киінгені көңіл сүйсінтетінін айтып өтті. «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Қазақы шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі.


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.