• Бүгін: 24.09.2018 |$1 = ₸355.88

Ұлттық ойындар ұлықталды

Біле білсек, қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойындары өте көп. Тек уақыт өте келе кейбірі санамыздан өшіріліп, ұмыт бола бастады. Ал, танымалдары бертінгі көшпенді отырықшылық кезеңіне дейін жалғасты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Шымкенттегі орталық стадионда қазақтың ұлттық спорт ойындарын жаңғырту мақсатында бәйге өткізілді.  Соның ішінде көнеден келе жатқан теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу додалары  ұйымдастырылды. Бәйгеге аттың жалында ойнайтын, жарыс десе делебесі қозатын жастар мен оларға үлгі-өнеге көрсете алатын зиялы қауым өкілдері қатысты. Атшабардағы бастапқы ойын қыз қуудан басталды. - Қазіргі «Қыз қуу» ертеде  «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға көп өзгеріссіз жеткен.  Енді осы дәстүрді келер ұрпаққа жеткізу - басты мақсатымыз. Ұлттық ойындар жастарымызды ептілікке, зеректікке үйретпек, жылдам шешім қабылдай білуге, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайды, - дейді ұйымдастырушылар. Расында, өткізілген іс-шараның алар орны ерекше. Әсіресе, жаңа ұрпақты қалыптастыруда және өмір салтымызды заманға сай одан әрі байытуда маңызы зор. Үздіктер әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы атынан арнайы марапатқа ие болды. Ұлттық ойындар бәйгесі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17