• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Нарықта өз орнын тапқан кәсіпорын

Қолдау бар жерде экономикалық өрлеу бар. Шымкент қаласындағы ең ірі «Гауһар» тігін фабрикасы да мемлекет қолдауымен ісін ілгері бастырып отыр. Жекешелендірудің жарқын үлгісі болған кәсіпорын - бүгінде 250 қыз-келіншектің тұрақты жұмыс орны. Фабрика өнімдері тек отандық нарыққа ғана емес, сонымен бірге ел аумағынан тысқары жерлерде де танылып үлгерген. Тоқырау жылдары «Гауһар» ісі тұралап қалған «Сенім» АҚ-ы базасына орнықты. Тыңғылықты жұмыстардың нәтижесінде фабриканың барлық қарызы өтелді. 50 жұмыс орны әрең сақталып қалды. Шағын кәсіпорын тоқыраудың бұғауынан босады. Қайта күш алып, өнім көлемін ұлғайтты. Қазір мұнда 300 тігін мәшинесі тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.


Әнипа Халбаева,  «Гауһар» тігін фабрикасының директоры:


- Біздің фабрикада тігілген киімдердің ерекшелігі, тұтынушы қалаған түсі мен сән үлгісі бойынша тігіледі. Сосын сапасы жоғары, бағасы да қалтаға қонымды.


Айдана Оразбек - тігін фабрикасына жаңадан келген жас маманның бірі. Колледжін бітірген соң, бірден осы кәсіпорынға келді. Айналасы екі жылдың ішінде көйлек-көншек, әскери киім-кешек пен көрпе-төсектің түр-түрін тігуге машықтанып алды.


 Айдана Оразбек  - тігінші:


- Осы жерде қанша әйел болса, соның барлығымен тіл табысып жұмыс істеп отырмыз. Жұмыс оңай емес, жауапкершілікпен өте мұқият тігу керек.


Фабрикаға мемлекеттік «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы дем беруде. 2011 жылы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан үшінші фабриканы салуға жол ашылды. Қазір тұтас кәсіпорынның тасы ілгері домалаған. Оған Түркия мен Жапониядан әкелінген заманауи құрылғылардың септігі мол. Күніне 250-500 дана киім тігіледі. Сапасында мін жоқ. Сәнді. Тігісі мықты. Сәйкесінше, сұраныс та жоғары. Яғни, отандық кәсіпорынның болашағына сенуге негіз бар.  


Дерек көзі: Г. Қалмырзақызы   


shymkenttv.kz                                  


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17