• Бүгін: 16.11.2018 |$1 = ₸374.14

Құқықбұзушылықтарды ұжымда талқылау тәжірибесі тұңғыш рет енгізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Шпекбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылғы 18 мамырдағы облыстық білім басқармасының алқа отырысында осы салада жиі кездесетін кемшіліктер ұжыммен бірге алғаш рет талқыланды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бастамасымен өткізілген іс-шараға Департамент басшысы Ә.Көмекбаев, департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің және облыстағы білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Іс-шараның мақсаты - жиі кездесетін кемшіліктерді ұжымда талқылай отырып, болашақта оларды болдырмау үшін нақты шаралар қабылдау.


Кездесу барысында Департамент тарапынан Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылған білім саласының лауазымды қызметшілері туралы Департаментпен арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, Департамент басшысы Әли Амантайұлы Агенттіктің аумақтағы Әдеп жөніндегі кеңесі жұмысының басымдығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталғанын жеткізді.


Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлының айтуынша Әдеп кеңесінің отырыстарында 2017 жылдан бастап білім саласының қызметшілеріне қатысты 9 тәртіптік іс қаралған.


Бұзушылықтардың басым бөлігі мектеп директорын тағайындау кезінде конкурсқа қатысқан үміткерге артықшылық көрсету, мемлекеттік сатып алу конкурсының қатысушыларына кедергі жасау және атқарылмаған жұмыстарға алдын-ала қаржы аудару фактілеріне тиесілі болған. Бүгінгі таңда Әдеп кеңесінде қаралған тәртіптік істер сараланып, мемлекеттік органдарға тән кездесетін мәселелер бойынша бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында мемлекеттік орган басшыларына профилактикалық бағыттағы хаттар тұрақты негізде жолданатындығы да талқыға салынды. Айта кетейік, ұжымдарда жиі кездесетін бұзушылықтарды талқылау барлық салаларда өткізілмек. Халықпен кері байланысты орнату мақсатында Департамент басшылығы облыстың барлық аудандарын аралап, тікелей халықпен кездесуді жоспарлауда.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.