• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Дмитрий Панарин: Ең үздік бадминтоншылар Шымкентте

Шымкент қаласында туып-өскен Дмитрий Панарин бадминтоннан 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңін сәтті аяқтады. «Бір жылға созылған цикл қорытындылары бойынша спортшы 11600 ұпай жинап, Олимпиадаға жолдама беретін 10-орынды иеленді», - деп мәлімдеді Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт басқармасы. Д. Панарин енді биыл 6-18 қазан күндері Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды. Дмитрий бұған дейін көптеген халықаралық турнирлерге қатысып, бәрінде жеңіске жетіп отырған. Мұның сыры неде дегенде, спортшы: «үнемі тынбай жаттыққаннан» деп түсіндіреді. Сондай-ақ, Ресей мен Украинада болған жарыстарда қарсыластарын жеңу оңайға соқпағанын айтады. Тіпті, олардың ракетка ұстау тәсілі де әр бөлек, бір-бірімен салыстыруға келмейді. Дмитрийдың алдағы күзде Аргентинада өтетін олимпиадаға баратыны 1 мамыр күні белгілі болды. Ойынға дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 32 бадминтоншы қатыспақ. Әр елден бір ойыншадан, тек қытайлық спортшылар ғана екі квота иемденген, яғни олардан екі бадминтоншы бәсекеге түседі. «Қазақстан бойынша ең үздік бадминтоншылар Шымкентте,- дейді Д.Панарин. – Себебі, бұл спорт түріне жоғары деңгейде көңіл бөліп, жақсы қаржыландырылады». Өз алдына спорт кешені бар, жас бадминтоншылар халықаралық жарыстарға жиі шығып тұрады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17