• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Шымкентте байкерлер мотошеруге шықты

Шымкентте байкерлер мотошеруге шықты. Олар жол талғамайтын үш дөңгелекті көлікті тізгіндеп «Шымкент –Мәскеу –Брест» бағытымен алыс жолға бет алды. Мотоциклді өмірінің мәні деп білетін 10-нан аса байкер кезекті мото шеруін  9 Мамыр - Жеңіс күніне арнады. Шымкент көшелерімен салтанатты сап түзеп өтіп, бейбіт күн белгісін паш етті. Басты мақсат - осы мотошеру арқылы соғыста қаза тапқан ата-бабамызды еске алу. Жеңіс күнін жастардың санасына сіңіру.  Бұл бастаманы шымкенттік байкерлер өздері көтеріп отыр. Шымкент қаласынан жолға шыққандар алдымен Алматыға қарай көш түзеді. Онда оларды оңтүстік астана байкерлері қарсы алып, еліміздің бірнеше аймағында Жеңіс мерекесін насихаттайды. Көш соңынан 3 байкер ғана қалып, жол талғамайтын бір көлікпен бірге Ресейге жолға шығады. 52 күнге жалғасатын бұл шеру Белоруссияның Брест қаласында өз мәресіне жетеді. Еске салсақ, бүгінде өңірде мотоспортқа қызығушылық танытып, байкер атанғандардың саны 300-ге жуықтайды. Олар жыл сайын облысымыздағы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жастарды спортқа баулуға, салауатты өмір салтын ұстануға атсалысып келеді.





 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17