• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Сабаққа аудио оқулықтар енгізіле бастады

Шымкент қаласындағы №52 мектеп-лицейінде алғашқы болып оқушыларға сабақты аудиооқулықтарды пайдалана отырып өткізу қолға алына бастады. Бұл туралы осы мектеп қабырғасында өткен семинарда айтылып, ұстаздар мен оқушыларға таныстырылды. Мұнда алғашқы электронды ұстаздар да пайда болды. Бұл роботтарға әзірге қарапайым ғана дүниелер жүктелген. Олар ертегілер мен аңыз әңгімелерді баяндай алады. Десек те үш тілде еркін сөйлейтін техникалар балалардың ынтасын оятады  деп отыр.


Жаңаша білім беретін электронды аудио құралдарда аңыз-ертегілер, тарихи-дастандар енгізілген. Мәселен, ақын Құрал Көмектің «Мен - даланың ұлымын» атты дастаны да бар. Бұл  шығармада қазақ тарихы өлеңмен өрнектелген. Құрал Көмек, Халықаралық «Физули» атындағы сыйлықтың иегері: Бұл ортақ құндылыққа менің панарамалық поэмам қосылып жатқанына қуаныштымын. Менің поэмамда қазақтың тарихы сонау Сақ дәуірінен бастау алады, - дейді автор. Ұлттық құндылықтарымызды әрбір қазақстандық жастың бойына сіңіре білсек, болашағымыз баянды болмақ. Семинарға қатысушылар бала тәрбиесіндегі мәселелерді талқылады.  Мұғалімдер бас қосқан жиын 8 пән бойынша ашық сабақтар өткізілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.