• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

АҚШ-тың танымал би тобы Шымкентте тәжірибе алмасуда

Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында Қазақстанға алғаш рет келген Америка Құрама Штаттарының  «Дейтон» заманауи би театры және қазақстандық «Қазына» би ансамблінің бірлескен концерті өтті. Құрама штаттардың өнер ұжымы Шымкентте отандық «Қазына» би ансамблімен тәжірибе алмасуда. Бірлесіп, ұлттық билердің құдіретін паш етіп, Шымкент, Алматы, Өскемен қалаларында мастер-класс өткізбекші. "Би театры - көп нәсілді америка халықтарының ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, халықтың тыныс-тіршілігін, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде заманауи бағытта өркендеп, дамуда. «Дейтон» заманауи би театры (Dayton Contemporary Dance Company – DCDC) шығармашылықтарының түп-тамыры афроамерикалық мәдениеттен бастау алады. 


«Дейтон» заманауи би театрының негізін -  Дейтон қаласының Огайо штатында 1968 жылы биші, оқытушы, хореограф, Марк-Артур степендиясының лауреаты Джеральдина Бланден қалаған. Бірегей америкалық би театры әлемге танымал. Олар ғажайып би нөмірлерін қою арқылы әлем бойынша іссапар барысында театр өнерінің жергілікті білім беру мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп келеді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.