• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкентте үкілі арулар байқауы өтті

Шымкент қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Үкілі ару» атты арулар байқауы олып өтті. Шымкенттік қыздардың салтқа беріктігі мен  іске ширақтығын сынаған байқау өте қызықты болды. Бұрымды арулар тұрмыстық сынақтардан өтіп, күбі пісіп, талқан түйіп, жүнді шүйкелеп, ұршық иірді, құрақ тікті. Сөйтіп тек көркімен көз тойдыртып ғана қоймаған бойжеткендер өздерінің он саусағы майысқан ісмер екендіктерін көрсетті. Байқаудың келесі кезеңіне ән де айтып, би биледі. Одан соң қазақы салт-санамыз, көнеден келе жатқан дәстүр, ырым-тыйым, жоралғыларды еске түсіріп, сұрақ-жауап турынан өтті. Сұраққа мүдірмей жауап беріп, ақылды екендіктерін дәләлдеді. Байқауға үмітін үкілеген 12 айдай ару қатысты. Ешқайсысы де осал емес. Қазақ қызына тән ибалық пен қарапайымдылық, ізеттілігін танытып, патша көңілді көрермен көңілін баурады.


Қазақ қызы тек сұлулықтың символы емес. Ар мен намыстың асқақ туы, ұлттың ұлы ұрпағын тәрбиелейтін, рухани жағынан өрелі бола білуі хақ. Топ қыздың ішіндегі бәйдібектік Ақерке Оспанның өн бойынан осы қасиеттердің табы байқалды. Айша бибі, Домалақ аналардың көзіндей болған бұрымдылар сайысты өз дәрежесінде алып шықты. Ал, қазақы құндылықтарымызды насихаттауда облыстық әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығының еңбегіне жұрттың берер бағасы жоғары.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.